«Күз кереметтері» атты
іс-шарасының анықтамасы
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Хош келдің мектебіме Алтын күз,
Жомарттығын бақылайық бәріміз-дей келе, жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
«Ж.Тәшенов атындағы орта мектебі» КММ-ның жанындағы «Күншуақ»шағын орталығындағы «Балдырған», «Балдәурен», «Жас қыран», «Бәйтерек» топтары 12-ші қазан аралығында «Күз кереметтері» атты іс-шара өтті.
Топтарға «Күз кереметтері» атты жеміс-жидек, көкөністерден мүсіндер жасап , композициясын құрып көрме ұйымдастырды. «Күз» туралы 4 шумақ өлеңді жатқа мәнерлеп айтып,оқушы А4 форматына күз мезгілінің суретін салу болды.
Өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтқан оқушылардың саны бірінен –бірі өтіп жатты. Сурет салу үй тапсырмасы болғандықтан, шағын орталықтың балалары кішкентай болғандықтан , ата-аналары сурет салуға көмектескені көрініп тұрды. Себебі, салған суреттері көздің жауын алады.
Сайысқа жауапты тәрбиешілер өздерінің тапсырмаларын бөліп, өз жұмысын орындап,алға қойған мақсаттарына жетті. Іс шараға шағын орталығының барлық тәрбиешілері дайындауға көмектесті. Ал, мадақтама қағазын дайындауға жауапты «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Назгуль Маликовна көмектесті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша бүлдіршіндер белсене қатысқаны үшін, мақтау қағазымен марапатталды.
Қатысқан бүлдіршіндер тізімі:
«Бәйтерек» тобы /4-5 жас/: «Балдырған» тобы /3-4 жас/:
1.Алдияр Раяна 1.Ораз Диляра
2. Дәулетбек Әлфараби 2.Абдали Сезім
3.Сейткалиева Амира 3.Байбосын Әділет
4.Серікбай Айгерім 4.Солтан Муслима
«Балдәурен» тобы/даярлық /: «Жас қыран» тобы/даярлық /:
1.Қайратова Асмира 1.Асанова Жанел
2.Абдалиев Айтөре 2.Қарамерген Жанайым
3.Нышан Әйгерім 3.Шанжархан Ерасыл
4.Тлеубердинова Әсел 4.Шанжархан Ұлан
5.Ораз Дінислам 5.Ақылбеков Тамерлан
6.Мұрат Нұрай 6.Тәждәулет Аруна