Текст
8-18 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған II Халықаралық Махамбет, Абай және Мұқағали оқуларына бастауыш сынып оқушылары арасынан қашықтықтан қатысқан 3А сынып оқушысы Жаңабекұлы Ханкелді «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бас жүлде иеленсе, осы номинация бойынша қатысқан 3Б сынып оқушысы Ануарбек Іңкәр 1- дәрежелі дипломмен марапатталып, Нұр-сұлтан қаласында өтетін конкурсқа жолдама жеңіп алды. Шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін конкурста сәттілік, жеңіс тілейміз.