«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігі

30.09.2020

«Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ-нің  

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай 2020-2021оқу жылында «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі»  атты тілдер онкүндігін  онлайн өткізу бойынша гуманитарлық пәндер бірлестігінің

іс-шараларының жоспары

 

р/с

Іс-шараның атауы

Өткізу уақыты

Жауапты

1.

«Тіл-татулықтың тірегі»  челлендж

05.09

Тіл мамандары

2.

«Тіл-достықтың алтын көпірі» Өлеңді жатқа оқып видеоролик жіберу

08-14.09

Тіл мамандары

Князова К.Ж.

Жүсіпбекова А.Қ.

Саржанова А.М.

Жұмабай Т.И.

3.

«Абай мұрасы-халық қазынасы» (деректі фильм-презентация)

07.09

Абенова М.М.

Мұратова М.А.

Арыстанғали Ж.С.

4.

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» (видео слайд)

08-14.09

Жүсіпбекова А.Қ.

Жұмабай Т.И.

5.

«Ана тілін және өзге халықтың тілдерін сыйлау- әр азаматтың міндеті» тақырыбы бойынша эссе жазу сайысы

08-15.09

Князова К.Ж.

Жүсіпбекова Ә.Қ.

6.

«Әлемнің екінші ұстазы, ұлтымыздың мақтанышы -  Әбу-Насыр Әл-Фараби» деректі фильм-презентация

08.09-16.09

АрықпаеваГ.Б.

Елтаева А.Ж

Бабакаева Р.С.

7.

«English  in my life»

 

08-16.09

Шалова А.К.

Асылбек А.

Сафарғали С.Б.

Байкабулова Ж.М.

 

       

 

     Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

 

    Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

    Жыл сайынғы Қазақстан халқы тілдер күнін Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп те өз дәрежесінде онлайн форматта өткізді. Барлық іс-шаралар онкүндікке арналған жоспар бойынша жүзеге асты.

05.09 күні  әлеуметтік желіге «Тіл-татулықтың тірегі»  атты тілдер күнінің  салтанатты ашылуына видеоролик  салынды.

 

   

     

09.09 күні «Тіл-достықтың алтын көпірі»  тақырында қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының ұйымдастыруымен өлеңді жатқа оқып видеоролик жіберу сайысы өткізілді.

 

   

 

  

 

10.09. күні 11-сыныпқа Жүсіпбекова Ә.Қ. мен Жұмабай Т.И. ұйымдастыруымен  «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» тақырыбы бойынша  видео слайд көрсетіліп, ұлт ұстазы туралы тағылымы мол  әңгімелерді тыңдатты.

11.09. күні  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Князова К.Ж. мен Жүсіпбекова Ә.Қ. ұйыымдастыруымен «Ана тілін және өзге халықтың тілдерін сыйлау- әр азаматтың міндеті» тақырыбы бойынша эссе жазу сайысы өткізілді. 9ә сынып оқушысы Серікпай Назым мен 8а сынып оқушысы Ғанибаева Ұлболсынның жұмыстары үздік эссе боп танылды.

14.09. күні Орыс тілі пәні мұғалімі «Әлемнің екінші ұстазы, ұлтымыздың мақтанышы -  Әбу-Насыр Әл-Фараби» деректі фильм-презентациясын 5-сынып оқушыларымен көрсетті.

15.09  күні ағылшын тілі мұғалімі Байкабулова Ж.М.7 сынып оқушыларымен

«English  in my life» тақырыбында іс-шара өткізді.

   Жас маман  ағылшын тілі мұғалімі Сафарғали Салтанат 11-сынып оқушыларымен «The role of English in my life» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст