2018 жылғы №3 Аршалы орта мектебінде «Махаббат пен шығармашылық» тақырыбында Рухани даму: және Астананың 20 жылдығына орай
6-8-9 сыныптар аралығында «Аттастар мен тегі бірдейлер» атты мектепшілік акция ұйымдастырдым.
Мақсаты:
-
Мектеп қабырғасында оқитын әртүрлі
жастағы аты бірдей оқушылардың бойындағы
қасиеттерді салыстыру;
-
Тегі бірдей оқушыларды танып-білу;
-
Аттас оқушылардың бір-бірлерімен ұқсас мінездері мен өздеріне тән
ерекшеліктерін айқындау;
-
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа
құштарлығын дамыту;
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы
адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами
қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Акция барысы: «Аттастар мен
тегі бірдейлер»
· Акцияға
қатысушылар өздерінің аттастары мен бірдей тегілерін тауып өзара бірігіп,
суретке түсіп, және сол суретке қызықты
түсінік (комментарий) береді.
· Сосын ұйымдастырушыларға тапсырады.
· Жеңімпаздарға орын беріледі.
2018 жылғы 13-14 ақпан күндері акцияға қатысушы аттары мен тегі бірдей
мектептің оқушылары мен ұстаздар қауымы, бірігіп суреттерге түсті. Акцияға
қатысушы оқушыларға мектеп қабырғасында оқитын аттары бірдей оқушылармен
суретке түсу өте қызықты болды. Жоғары сынып оқушылары тек жоғары сыныптармен
ғана түспей, өздерінің аттас және тегі бірдей оқушыларды бастауыш сынып
оқушыларынан және шағын орталықта
тәрбиеленіп жатқан кішкентай балалардан іздеп тауып, солармен бірге суретке түсіп жатты.
Сонымен қатар, мектеп ішінде аттар және тегі
бірдей ұстаздар қатары да көп кездесті. Оқушылар ұстаздардан рұқсат алып,
акцияға қатысуға
шақырды. Барлық оқушылар суреттерін тапсырғаннан
кейін, мектептің 1 қабатына барлық суреттер ілінді. Ендігі кезекте осы
суреттерге дауыс беріліп жатыр, дүйсенбі күні І, ІІ, ІІІ орынды иемденген
оқушыларға мақтау қағазы берілетін болады.