Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің І жарты жылдықта жүргізген жұмысы
Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» - дегендей «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы «Өзін-өзі тану», жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс. Пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылады.
Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани -адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі.
«Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін алдымен өзін танып білуі шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.
Оқулықта берілген халқымыздың аңыз-әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері, ұлылардың ұлағаты, ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тәрбие қаймағы рухани құндылықтарымыздың мөлдір бұлағы іспетті.
Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірінің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды.
Жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болуына да себепші нағыз ұстаз.
Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Өз бетімен танып білуге құштарлану, талпыну, іздену адам көркі мен мінезін шынықтырып, шындайды. Өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады. «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелей отырып, осы қоғамда өзіндік «менін» табуға жетелейтін пән.
2019-2020 оқу жылы өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысынан басталды. Онда 2018-2019 оқу жылында жүргізілген жұмыстары қорытындыланып, 2019-2020 оқу жылының негізгі міндеттері мен атқарылатын жұмыстар төңірегінде мәселе қозғалды.
Өзін-өзі тану әдістемелік бірлестігінің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жұмыс
жоспары
Р/с |
Жұмыстың негізгі бағыттары |
Орындалу мерзімі |
Жауаптылар |
|
І. Оқыту үрдісін ұйымдастыру |
||||
1 |
Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспарын құру |
Тамыз |
Жапарова А.М. |
|
2 |
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды даярлау |
Тамыз |
Жапарова А.М., пән мұғалімдері |
|
3 |
2018-2019ж Әдістемелік нұсқау хат |
Қыркүйек |
Жапарова А.М. |
|
4 |
Тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді өткізу. |
Жыл бойы |
Жапарова А.М. пән мұғалімдері |
|
5 |
Өзін-өзі тану пәнінің он күндігін өткізу |
Ақпан |
Тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары, Жапарова А.М., пән мұғалімдері, сынып жетекшілері. |
|
6 |
Оқушыларды мектепішілік, қалалық жарыстарға дайындық жүргізуді ұйымдастыру |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
|
7 |
Өзін-өзі тану әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің семинар, конференциялар т.б. іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру |
Жыл бойы |
Жапарова А.М. |
|
8 |
Оқушылардан өзін-өзі тану пәні бойынша жоба жұмыстарын қабылдау. |
Желтоқсан, Мамыр |
Пән мұғалімдері |
|
ІІ. Кәсіби өсу және педагогикалық шеберлігін шыңдау |
||||
1 |
Өзара сабаққа қатысу |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
|
2 |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің семинар, конференциялар т.б. іс-шараларда жинақтаған білімдерін ортаға салу |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
|
3 |
Ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу (дәстүрлі, дәстүрлі емес) |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
|
4 |
Кәсіби басылымдардағы үздік мақаларға талдау жүргізу |
Жыл бойы |
Жапарова А.М., пән мұғалімдері |
|
5 |
Пән мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптарын бекіту |
Қыркүйек |
Жапарова А.М. |
|
6 |
Мұғалімдердің біліктілігін көтеру семинар, конференция, курстарға қатысуын ұйымдастыру |
Жыл бойы |
Жапарова А.М. |
|
ІII. Шығармашылық жұмыс жүргізу |
||||
1 |
Мұғалімдердің шығармашылық конкурстарына қатысуын ұйымдастыру |
Жыл бойы |
Жапарова А.М. |
|
2 |
Шығармашылық жұмыспен айналысатын мұғалімдердің жұмысын жинақтау, тарату |
Жыл бойы |
Жапарова А.М., пән мұғалімдері |
|
3 |
Біліктілік санатын көтеру үшін аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдер тізімін жасау |
Жыл бойы |
Жапарова А.М. |
|
IV. Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс |
||||
№ |
Тақырыбы |
формасы |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
Өзін-өзі тану пәнінің он күндігі |
Ашық сабақтар, сайыстар, дебат, т.б. |
ақпан |
Тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары, Жапарова А.М., пән мұғалімдері, сынып жетекшілері. |
5 |
2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстары қорытындылау |
бірлестік отырысы |
мамыр |
Жапарова А.М. пән мұғалімдері |
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері тақырыбында 72 сағаттық курстан өтті.
Барлық сыныпқа өзін-өзі тану оқулықтары түгел таратылған.
2 қыркүйек күні өзін-өзі тану пән бірлестігінің отырысы өткізіліп, жылдық жоспар таныстырылды. Жылдық жоспарға сәйкес белгіленген жұмыстарға жауапты мұғалімдер бекітіліп берілді.
Өзін-өзі тану пән бірлестігінің 2019-2020 оқу жылында басшылыққа алатын тақырыбы: «Оқытудың озық педагогикалық технологияларын қолдана отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуының көрсеткіші ретіндегі күтілетін нәтижелерге қол жеткізу» болатын.
Қазан айында мектепте өткен білім айлығында өзара сабақтараға қатысып, тәжірибе алмастық. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері пәндік-«Самопознание» журналына жазылды.
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу- біздің алдымыздағы ең басты міндет. Міне, осындай басты міндеттеріміздің бірі – жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы жас ұпақтың өзін-өзі дамуына жол көрсету. Осы орайда, тәжірибе алмасу мақсатында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына қатысып, пікір алмасып отырды
Өзін-өзі тану пәні бойынша жұмыс дәптерлерін жүргізу оқушының өзіндік ой-пікірлерін жүйелі түрде жеткізуге бағыттайтын нақты шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан жұмыс дәптерлерінің жүргізілуін басты назарда ұстап отырады.
Мектеп жоспарына сәйкес өзін-өзі тану пәнінің берілуін тексеру туралы мектеп директорының 14.12.2019 ж. № 71 п.1 бұйрығы шыққан болатын
Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерімен танысу, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі деңгейін;олардың сынып оқушыларымен жұмыс жүргізе білу қабілетін,сондай-ақ ұйымдастыруға байланысты іс-әрекет дағдысын тексеру.
Тексеру мерзімі:2019 жылғы желтоқсанның 18-нен 25-іне дейін
Бақылау формасы:
Тексеру кезінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін тоғыз мұғалімнің де әдістемелік біліктілігі қалыпты деңгейде болды. Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты елеулі жұмыстар жүргізілген: сабақта эмоцияналдық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың интелектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген.Әрбір сабағында балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтуде бейне материалдарды қолдана білді. Оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылған жұмыстар сәтті шықты. Оқушылар сабақта мұғаліммен қарым-қатынаста еркін, өз ойларын ашық айта біледі, проблемалық жағдаяттарды талқылауға ынталы. Әйтсе де, жоспар жасау және сабақ өткізу кезінде сыныптың даярлық деңгейін ескере отырып, уақытты ұтымды түрде бөлу, оның көлемі мен оңтайлы түрде қолданылуын ойластыру шарт.Сабақта оқушылардың бір-бірін тыңдай білу қабілеттерін дамытуға көңіл бөле білу және оқушылардың дәптермен жұмыс жасай білуіне көңіл бөлу қажет екені айтылып, ұсыныстар айтылды.
Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің ІI жарты жылдықта жүргізген жұмысы
«Өзін-өзі тану» пәні адами асыл қасиеттерге жетелейтін, оқушылардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та, жұмбақ та сырлы нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние екендігі баршамызға мәлім. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзін-өзі тану пәні жас ұрпақты адамгершілік құндылықтарға, адами қасиеттерге тәрбиелейтін бірден-бір пән болып отыр. Осыған орай өзін-өзі тану пәні ұстаздарына артылар жүктің жеңіл еместігі белгілі. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін ұстаздардың алдында рухани дүниесі бай, өмірде кездесетін әр қилы жағдайларға байыппен, сабырмен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу деген үлкен ұлағатты міндет тұр. Өзін-өзі тану пәнінің әр сабағы оқушы үшін ғибратқа, өнегеге толы болары сөзсіз. Бұл пән мектептегі басқа пәндермен біріге отырып, жұмыстар жүргізгенде оның тиімділігі жоғары болатынын уақыт дәлелдеп отыр.
III оқу тоқсанының ақпан айында мектебімізде білім айлығы өткізілді. Осыған орай «Ең үздік оқушы», «Ең үздік күнделік», «Ең таза кабинет», т.б. сайыстар өткізілді. Жыл сайын еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күнінің қарсаңындағы дәстүрлі онкүндік білім айлығына тұспа-тұс келді.
Ақпанның 3-12 аралығында өзін – өзі тану пәні мұғалімдері «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті жоспарлап өз деңгейінде өткізе білді.
Онкүндікті өткізудегі басты мақсат: оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту, ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге, шығармашылыққа баулу болатын. 3 ақпан күні барлық сыныптардың қатысуымен онкүндіктің ашылуы өткізіліп, әдістемелік бірлестік жетекшісі - Жапарова А.М. оқушыларға онкүндіктің тақырыбын, мақсатын хабарлады.
2020 жылғы 3-12 ақпан аралығында
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу
ЖОСПАРЫ
№ |
Іс – шаралар атауы |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
« Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуын (жалпы мектептік салтантты саптық жиында) өткізу. |
03.02.2020. |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері |
2 |
«Балаға жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттарын өткізу. |
11.02.2020. |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері |
3 |
«Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыптарда әңгімелер мен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентацияларын өткізу. ( 8 – сыныптар ) |
10.02.2020. |
Жапарова А.М. |
2 |
«Руханилықтың мөлдір бұлағы» шығармашылық көрме: бейбітшілік, достық , мейірім |
04. 02.2020. – 07.02.2020. |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері |
3 |
«Мен өмірді сүйемін» дөңгелек үстел, патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғары сыныптар арасында дебаттар өткізу. (9-11- сыныптар аралығында) |
06.02.2020.
|
Бейсембаева А.Н. |
4 |
«Өзін-өзі тану әлемі» ақпараттық стенд |
05.02.2020. – 06.02.2020. |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері |
5 |
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы. Демеушілер мен меценаттарды тарта отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, емдеу мекемелеріндегі, баспанадағы, балалар үйлеріндегі балаларға сыйлықтар сыйлауда «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары мен қайырымдылық марафонын өткізу. (5 – 7 – сыныптар) |
04.02.2020. – 11.02.2020. |
Байдилдина Г.М. Бейсембаева А.Н. |
6 |
«Бақыт құшағында» сурет сайысы (1-2-сыныптар) |
07.02.2020. |
Ерназарова З.Р. Мұхамедиярова М.Қ. |
7 |
«Махаббатқа толы жүрегім» құндылық ағашына тілек жазу. Ашық хаттар. ( 3 – 4 – сыныптар). |
|
Жапарова А.М. Ахметов Б.Е. |
8 |
«Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ 2020 жылдың 12 ақпанында бір уақытта өткізу. |
12.02.2020. |
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері |
9 |
«Бәрі Сүйспеншіліктен басталады» концерттік бағдарламасы. Онкүндіктің жабылуы. |
12.02.2020. |
Жапарова А.М. Ахметов Б.Е. Мұхамедиярова М. |
Қорыта айтқанда, әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы ролін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Сондықтан өзін-өзі тану пәнінің баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейтін қоғамда өзіндік мәні бар пән екенін естен шығармауымыз керек.
Өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі:
Жапарова Асем Молдатаевна