Текст
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толуына орай мектебімізде "Жауынгерлер жолы" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген кешімізге, өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер Устембеков Сакен Ахметович пен Татымтаев Рахимтай Тюлетаевич келді.