«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» деген ақын өлеңінің ұйқасы ел ішінде кеңінен танымал. Қазақ поэзиясының қара нары, «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атанған ол жарты ғасырға жуық ғұмырында мыңнан астам өлең мен поэмаларды дүниеге әкелді. Кейінгі ұрпағына рухани қазына қалдырған Мұқағали Мақатаевтың есімі ел есінде. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» ақынның өлеңдері жүрекке жетеді.
Мектебімізде ақиық ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі, «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шарада оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерін орындап, сахналық көрініс көрсетіп, ақын туралы видеосюжеттер тамашалады.
Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді.