Мектебімізде 11 – қыркүйек «Отбасы» күніне орай, «Анам және мен» атты қызықты эстафеталық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сұлу да сымбатты, денсаулығы мықты болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда, демекші, сайысқа 3 команда қатысты.
5 а сынып оқушысы Садырбек Ағзам анасы Оспанова Гайнель
5 ә сынып Нұрғалиұлы Нұрислам анасы Тасқожаева Лаура
5 б Шалабаева Назерке анасы Абдалиева Ақмаржан.
Сайыс шарттары
1. «Таныстыру»
2. Киім үлгісі
3. Қызықты эстафеталық ойындар
4. Доппен секіріп өту (анасы мен баласы кезекпен)
5. Секіртпемен секіру
6. Су тасу (баласы анасына қасықпен су ішкізеді)
7. Сөзден сөз шығару (бір сөз беріледі. Сол сөздердің арасынан көптеген сөз шығарады)
8. Асық ату (тізіліп тұрған асықтарды дәлдеп )
9. Допты қиыршықтардан айналып өту.
Біздің сайысқа қатысушылар керемет деңгейде қатынасты. Сайыс қорытындысы бойынша, 31 балл жинап I орын 5 а сынып оқушысы Садырбек Агзам мен анасы Оспанова Гайнель жеңіске жетті. II орын 28 балмен 5ә сынып оқушысы Нұрғалиұлы Нұрислам мен анасы Тасқожаеава Лаура және осындай 28 балмен II орын Шалабай Назеркемен анасы Абдалиева Ақмаржан иемденді. Қызықты эстафеталық ойын өте керемет өтті. Сайысқа қатынасқан ата-аналарымызға көптеп рахметімізді айтамыз.