«Әке-жауапты лауазым» атты әкелер слеті
Мектебімізде «Отбасы» күніне орай, мектеппен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты, ата-анаға деген құрмет сезімін нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне көмектесу, ата-ана белсенділігін арттыру мақсатында, «Әкелер» слеті өткізілді. Слетке метебіміздің 1-11 сынып оқушыларының әкелері қатынасты.
Әкежаным менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім, деп әкелерімізді кофе-брэйкпен және әдемі әсем әуенмен қарсы алдық.
Әке – асқар тау,
Ана етегіндегі бұлақ,
Бала- жағасындағы құрақ,- деген мақал өмір шындығы екені анық. Олай болса, тәрбиенің ең мәндісі, ең маңыздысы отбасынан басталуы тиіс. Отбасындағы шаңырақтың тірегі – әке. Отбасының қамқоры, басқарушысы, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды. Әке ер баланың –досы әрі ақылшысы, қыз баланың қамқоршысы. Сонымен, баланы баулу, тәрбиелеу- әке мойнына жүктелген парыз. Бүгін мектебімізде өткізіліп отырған «Әке –жауапты лауазым» атты әкелермен кездесу мектебіміздің директоры Байдилдина Г.М., тәрбие ісінің орынбасары Әбдірайымова А.А., кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Кадылбеков К.Н қонақта болды. Мектеп директоры Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы әкелерімізге арнап сөз сөйлеп, мектеп тәртібімен таныстыра кетті. Тәрбие ісінің орынбасары Әбдірайымова А.А. тәрбие жөнінде және қауіпсіздік шаралар жөнінде сөз сөйледі. Полиция қызметкері Қадылбеков Қ.Н мектеп оқушыларын кешкілік көшеде жүрмеуі туралы айта кетті. «Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы» бейнеролик көрсету. Қазіргі кезде бәріміз де жұмыстың арбауында жүрген адамдардың біріміз. Сондықтан да болар кейде балаларымызға уақыт бөлмейміз де, балалардан алыстаймыз. Құрметті әкелер, балаларыңызға уақыт бөліп, оның өмірдегі бағыттарын біле отырып, ақыл қоссаңыздар, балаларыңыз мейірімге толы, адамгершілігі мол ұрпақ болып өсетініне кәміл сенеміз.