«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз күн» акциясы

17.05.2022

Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов мектебіне Нұр-Сұлтан қаласының Желілік полиция басқармасының қызметкерлері келіп теміржолдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу ,қауіпсіздікті сақтау мақсатында «Қауіпсіз күн» акциясын өткізді.
ӘПБ бастығы полиция подполковнигі А.С. Қилыбаев, профиллактике жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Т. Әзірбаев және ӘТЖК ШӘОТ бастығы А.А. Потапов  теміржолға жақын тұратын  мектеп оқушыларына поездардың адам басып кету фактілерін алдын алу барысында, сондай-ақ балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту бойынша буклеттер мен жаднамалар таратып,видеороликтер көрсетіп темір жол қауіпті аймақ екенін ескерте отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізді.Оқушылар келген мамандарға сұрақтарын қойып ,маңызды ақпараттар алды.Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлеріне маңызды ,ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды айтамыз.

 

Просмотров: 410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст