«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Карашулаков Берік Амантайұлымен кездесу

17.05.2022

Бүгін мектебімізде  Қарағанды облысы,Бұқар жырау  ауданы,Үштөбе орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Карашулаков Берік Амантайұлымен кездесу өтілді.Берік Амантайұлы 40 жыл мамандығымен еңбек етіп,гобелен өнерін,сурет өнерін  жас ұрпаққа үйретіп жүрген шебер ұстаз.Берік Амантайұлы талай жыл  ұстаздық етуден жалықпаумен қатар қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесін тоқып оларды тарихымен бірге жас ұрпаққа дәріптеп жүр.Мектеп оқушылары Берік Амантайұлының қолөнерін тамашалап ,қызықты сұхбатты әңгімемен дөңгелек үстел өтті.Ол еңбектерінің ішінде ойып тұрып орын алатын жерлесіміз Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың  портретін мектебімізге естелік сыйға тарту етті.Шебер ұстаздың бұл портретті Жұмабек Тәшенов атындағы мектебі бар әрі нар тұлға дүниеге келген Аршалы ауданы болғандықтан өз қолыммен мектеп музейіне естелікке табыстауды шештім деген азаматтық жомарт жүрегі жас ұрпаққа өнеге берер үлгі болды.Берік Амантайұлының  қолынан шыққан жұмыстарымен танысқан оқушылар портреттегі тұлғалардың шығармаларын,өмірбаянын біліп ерекше құндылыққа толы  кездесу болды. Шебердің өнеріне тәнті болған оқушылар қалай тоқылу керек екенін  бірге үйреніп көріп,гобелен өнерінің материалдарымен танысты. Шебер ұстаздың қолөнерінен жақсы әсер алған оқушылар гобелен өнеріне деген қызығушылықтарының оянғанын жеткізді. Берік Амантайұлына алтын уақытын бөліп ,жас ұрпаққа үлгі ,өнеге көрсетіп құндылықты насихаттағаны үшін алғыс білдіреміз.Отбасына амандық ,деніне саулық,шығармашылық табыс тілейміз. 

 

    

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст