«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

18.04.2022

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие.
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде.
Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он алтыншы мәрте ұйымдастырылуда.
Осы акция аясында мектептің  8-11сынып оқушыларымен аудандық орталығының  кітапханашысы Алибекова Роза Кушинбековна кездесті. 2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинақтарымен таныстырып, оқуға ұсынды.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

  

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст