«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс «Қыз – еркем, анасымен көркем»

24.03.2022

Қазақ халқының «анасына қарап - қызын ал» деген мақалы баршаңызға таныс болар. Болар бала бесіктен деп те бекер айтпаса керек. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, 2022 жылдың 17 наурыз күні Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Қыз – еркем, анасымен көркем» атты сайыс өтті. Жас ұрпақты мейірімділікке, әдептілік пен бауырмалдыққа баулу, ата-ана мен мектеп арасында тығыз байланыс орнату мақсатында өткен байқауда 5 сынып қыздары өз анасымен шығып өнері мен шеберлігін  ортаға салды. Сайыстың шымылдығын ашып берген мектеп директоры Г.  Байдилдина наурыз мерекесімен құттықтап, мектеп өмірінде өтіп жатқан шараларға қатысып,  үнемі тығыз байланыста жүретін ата-аналарға зор ризашылығын жеткізді.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды анасы Бердібекова Жайна мен қызы Мухамедиярова Әсел, жүлделі ІІ орынды анасы Жексенова Құралай мен қызы Сабырбай Толқын, анасы Дүйсенкина Айгүл мен қызы Қасқатай Назым иеленді. 
Сайыста сан қырынан көрінген аналардың бәрі дерлік қолөнер шеберлері екенін байқатты.  Осындай аналардан тәлім алған қыздар да болашақта саусақтары майысқан қолөнер шебер болатынына сеніміміз мол.

https://www.facebook.com/100023750792284/videos/1062742481257801/

Просмотров: 398


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст