Мектебімізде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Акция екі бағытта жүргізілді «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» өзін – өзі тану пәні мұғалімінің іс – шара жоспарымен және «Балаларға қуаныш сыйла» мектепішілік іс-шара жоспары негізінде өткізілді.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына, басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себеттер, мектеп құралдары бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.
Әлеуметтік педагог: Г.С. Жангабулова