«Ән- көңілдің ажары» атты қашықтықтан ән байқауы.
Ән салатын киелі мекен ол сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде, өнерде алар белесімізді өрнектеп көрсетеді. Халқымыздың рухани өміріндегі асыл мұраның бірі – ән өнері, әншілік дәстүр. Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» -деген өлең жолдары қазақ өнерінің бар болмысын айқын көрсетеді. Жақында Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектебімізде мектепішілік клубтар арасында іс-шаралар өтілді. Соның ішінде «Мерейлі отбасы» клубы отбасылық «Ән- көңілдің ажары» атты қашықтықтан ән байқауын өткізген болатын. Мұндағы мақсат: ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты жақсарту, ата -ана мен бала ның әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілеттерін дамыту, өнерге біртабан жақындату. Осындай мақсатта, біздің мектебіміздің ата-аналары мен баласы арасындағы байқауға, біздің өнерлі отбасыларымыз керемет деңгейде қатынасты.
Бас жүлде иегері Сәрсекеев Ернұр мен баласы Сағат Арғын
І орын иегері Анасы Хапар Фарида мен қызы Игілік Жансая
ІІ орын Әкесі Досанов Наурызбай мен қызы Абутай Алия
ІІІ орын Анасы Сембиева Айдана мен қызы Сейдабзалова Мадина
Біздің өнерлі де өнерпаз ата -анамен балаларымызға үлкен рахметімізді айтқым келеді. Алдағы уақытта сіздерге тек отбасылық бақыт, үлкен жақсылық тілеймін. Отбасыларыңызда тек қана қуаныш көп болсын Балаларымыздың өнерлері өрге жүзсін дегім келеді.
"Мерейлі отбасы"клубының жетекшісі: Мұхамедиярова М.К
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1128012858000397&id=100023750792284