«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

20.12.2021

Мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  Мерекелік іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында әңгімелеу. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. 
Іс-шара барысында мектеп директоры Г.М. Байдилдина мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұстаздары мен оқушыларын марапаттады. 
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

    

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст