11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай "Балауса"қыздар ұйымының жетекшісі Сембиева А.К ұйымдастыруымен "Бұрымды қыз"челленджі өтті.
Челлендж мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттап, оқушылардың ұлттық сана-сезімін кеңейту. Қазақтың қыз баласына арналған шашқа арналған әшекей бұйымы шашбау ,шолпының құндылығын сақтау.
Челленджге 1-11 сынып қыз балалары белсенді қатысты. Мектеп директоры Гүлнар Мырзахметқызы челленджге қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.
Челленджде барлық қыз балалар шаштарын өріп келу,шашқа арналған әшекей тағу талаптары қойылған болатын. Бала тәрбиесінде оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде ата-ананың рөлі зор.Осы іс-шараға белсенді қатысқан оқушыларымыздың ата-аналарына ,сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.
Сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1055186955282988&id=100023750792284