Отбасы мерекесі күніне орай «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында әр ауданда «Отбасым - байлығым» атты көпбалалы отбасылар арасында онлайн-байқаулар өтті. ❗❗❗
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткен байқаудың мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін, отбасылық, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, патриоттық сезімін дамыту, отбасы институтын нығайту болды.
Онлайн-байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқысында отбасылық өмірдің қызықты сәттері бейнеленген фотосуреттерден «Менің отбасым» атты фотослайдтар, яғни онлайн-портфолио дайындалды. «Менің отбасымның дәстүрі» атты екінші кезеңде отбасы құндылықтарын паш етті. Ал, үшінші кезең шығармашылыққа арналды.
Нәтижесінде әр ауданнан жеңімпаздар анықталып, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. 🥇🎁🎊
Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! Ендеше, әулеттің ғибратқа толы ғұмыры мен жарасымды жанұяның ізгі қасиеттері көпке үлгі болуы тиіс. Байқауға қатысушы әр отбасына алғысымызды білдіреміз. Ал, жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!👏👏👏
Осы байқауда ауданымыз бойынша үздік деп танылған жеңімпаз Сейдабзаловтар отбасын жеңісімен құттықтаймыз!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1036705033797847&id=100023750792284