Текст
Ақмола облысында «Мектепке жол» акциясы басталады
«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмей қалуының алдын алу.Акцияға өз үлесін қосамын, демеуші боламын деген жандар болса мектеп әкімшілігіне хабарласуына болады.