2021 жылдың 01-02 наурыз күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының» ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» атты облыстық сырттай конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды қолдау, туған өлкені, жергілікті тұрғындардың салт-дәстүрін, жерлестеріміздің өмірі мен қызметтерін зерттеу арқылы оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық потенциалын бағалау. Өзінің туған елінің тарихына ұлы тұлғаларына дегендеген мақтанышын тәрбиелеу.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі І орынмен мектебіміздің 5-сынып оқушысы Сейдабзалова Мадина Медетқызы марапатталды.Жобаға дайындаған жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Арыстанғали Жұлдыз Серікқалиқызына алғыс айта отырып, Мадинаны жеңісімен құттықтаймыз, алдағы уақытта алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын демекпіз.